Бүйректегі тас қандай тағамдардан түзілетіні белгілі болды

Бүйректегі тас қандай тағамдардан түзілетіні белгілі болды

Бүйректегі тас қандай тағамдардан түзілетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде бүйрек тастарының пайда болуына әкеліп соғатын өнімдерді атады, деп хабарлайды РИА Новости Мясниковтың айтуынша, қызыл ет құрамындағы жануар майлары мен ақуыздар бүйректе тас пайда болу қаупін арттырады. Дәрігер осы санатқа жататын тағы бірқатар өнімдерді атады. "Шпинат пен көк шөптердің ағзаға пайдалы екені белгілі, бірақ ол қандағы оксалаттар (оксалат қышқылының тұздары мен эфирлерін) мөлшерін арттырады және тас түзілуіне себепші болады", - деп атап өтті маман. Сондай-ақ, аз мөлшердегі қызыл құрғақ шараптан басқа алкогольді ішімдіктер бүйрек тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Тағы бір қауіп фактор — тәтті газдалған сусындарды жиі ішу. "Бүйрек жұмысы бұзылмас үшін мүмкіндігінше сұйықты көбірек ішу керек,  рационыңыздан тұзды — натрийді, етті — жануарлардың ақуыздары мен майларын азайтыңыз", — деп түсіндірді А.Мясников. Сондай-ақ,  дәрігердің сөзінше, кофе мен шай да бүйректе тас пайда болу қаупін азайтады.