Жаңалықтар

Петропавлда жаңажылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады – әкімдік жауап берді

ашық дереккөзі

Петропавлда жаңажылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады – әкімдік жауап берді

Петропавлда дәстүр бойынша биыл да қаланы жаңажылдық безендіруге бір тиын да жұмсалмайды. Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында жаңажылдық мерекелік іс-шараларды өткізуге үш негізгі алаң безендіріледі. Олар: Тұңғыш Президент алаңы, орталық және Береке шағын ауданындағы алаңдар. Халық көп жүретін көшелер де назардан тыс қалмайды. Жоспар бойынша 22 көше қиылысы тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйламақ. Бұл жерлерге жарықдиодты аркалар, тақырыптық шағын сәулет нысандары және мұздан жасалған мүсіндер орнатылады. Ал Қазақстан Конституциясы бойындағы ағаштар гирлянда – жалтырауық шамдармен безендіріледі. «Жаңа жылдың басты нышаны – шыршалар Петропавлда 17 желтоқсаннан бастап орнатыла бастайды. Былтырғы шыршаларды қолданамыз. Жалпы облыс орталығын мерекелік безендіруге бюджеттен бір тиын да жұмсалған жоқ. Мұз мүсіндер демеушілердің қаражатына жасалмақшы», - дейді Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.