АҚШ-тағы сайлау: Сайлаушылар алқасы елдің жаңа президентін бекітті

АҚШ-тағы сайлау: Сайлаушылар алқасы елдің жаңа президентін бекітті

АҚШ-тағы сайлау: Сайлаушылар алқасы елдің жаңа президентін бекітті
ашық дереккөзі
АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер Джозеф Байден сайлаушылар алқасының жеткілікті дауысын алып, АҚШ-тың жаңа президенті деп танылды. Бұған мемлекет басшысы сайлауының ресми сайтындағы мәліметтер дәлел. Байден Калифорния штатындағы сайлаушылар алқасының 55 дауысына ие болды, осылайша барлығы 302 дауыс жинады. Президент сайлауында жеңіске жету үшін сайлаушылар алқасының 270 дауысына қол жеткізу жеткілікті. АҚШ-тағы сайлаушылар алқасы федералды сайлау арқылы сайланатын АҚШ-тың жалғыз екі лауазымды тұлғасы — жаңа президент пен вице-президенттің кандидатураларын бекітеді. Қазіргі уақытта елде сайлаушылар алқасы мүшелерінің саны — 538.