Жаңалықтар

23 жыл бұрын Көкшетауда екі әйелді өлтірген қылмыскер Ресейде ұсталды

ашық дереккөзі

23 жыл бұрын Көкшетауда екі әйелді өлтірген қылмыскер Ресейде ұсталды

Ақмола облысының полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, 1997 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1997 жылдың 30 маусымында сағат 21:00 шамасында 50 жастағы ер адам Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі әйелге пышақ салған. Әйелдердің бірі сол жерде жан тәсілім етсе, екіншісі сол жылдың 7 шілдесіде Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды. Ал, осы қылмысқа күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оның бойтасалап жүрген жері белгісіз болып қала берді. «Қылмыстың ауыр екені ескеріліп, тәртіп сақшылары оған халықаралық іздеу жариялады. Ол туралы мәліметтер көрші елдің тәртіп сақшыларына жолданды», - дейді ведомстводан. Арада 23 жыл өткен соң 2020 жылғы желтоқсанның 12-де іздеуде жүрген қылмыскерді Ресейдің Қорған облысы бойынша «Каргопольский» УМВД қызметкерлері Журавлева селосында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Белгілі болғандай, ер адам ол жақта отбасын құрып, екі балалы болған. «ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлігі (ҚазССР ҚК 88 бабының 1 бөлігі З бөлімшесі бойынша «адам өлтіру») бойынша қылмыс жасаған ер адам Қорған облысы бойынша «Каргопольский» УМВД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі кезде, оны елге қайтару мәселесі қарастырылуда», - деп толықтырды ведомстводан.