Жаңалықтар

Мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды

ашық дереккөзі

Мемлекеттік стипендия иегерлері анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 12 желтоқсандағы №162 өкімімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2020 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  Әдебиет қайраткерлері   Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері   Асан Мирас – 1987 жылы туған, ақын   Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшімов Әкім (Әкім Тарази) –   1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері   Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері   Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және  «Барыс» ордендерінің иегері   Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері   Жұртбай Тұрсын   – 1951 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері   Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері   Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері   Медетбек Темірхан   – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері   Мұқамәди Егеухан   – 1940 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері   Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Ниязбек Рәпілбек   – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері   Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері   Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Оразбаев Иранбек   – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері   Рәш Мыңбай – 1930 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері   Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Сарай Әнес – 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Сейсенбаев Роллан – 1946 жылы туған, жазушы, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері   Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КCР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты   Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері   Халиолла Бауыржан – 1979 жылы туған, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері   Өнер қайраткерлері   Аюханов Болат – 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Әбдіқалықова Елена – 1970 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Әлиев Дулат – 1948 жылы туған, суретші Әлтай Аманжол   – 1971 жылы туған, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері   Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі   Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ             КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері   Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Бекбосын Қажыбек – 1946 жылы туған, күйші, Қазақстанның халық әртісі   Бекетаева Әйгерім   – 1991 жылы туған, балет солисі   Дінішев Әлібек   – 1951 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері   Жақыпбай Нұрқанат – 1947 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Жанғасқаева Әсел   – 1992 жылы туған, балет солисі Желдібаев Әбдімомын – 1937 жылы туған, күйші, композитор, «Құрмет», «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері Жұмақова Үмітжан   – 1954 жылы туған, музыкатанушы, өнертанушы   Жұманов Есімғали   - 1946 жылы туған, суретші-кескіндемеші   Иманғалиев Нұртілеу   – 1952 жылы туған, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері   Клушкин Юрий   – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Қаламбаева Құндыз   - 1962 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері   Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі   Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі   Қуанышева Жаннат - 1958 жылы туған, киноактриса, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі   Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы   Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Недлина Валерия – 1982 жылы туған, өнертанушы   Нұрмұхамбетов Ерлан   – 1974 жылы туған, кинорежиссер, продюсер Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері   Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Өмірова Арай – 1987 жылы туған, актриса   Өтепберген Аян   - 1992 жылы туған, актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері   Пирожков Валерий   – 1949 жылы туған, суретші, мүсінші Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Приходько Валерий   – 1949 жылы туған, суретші-кескіндемеші Разиева Гульвира   – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі   Тәуекелов Сламбек – 1948 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Теменов Талғат – 1954 жылы туған, режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері   Тоғызақов Ерболат   – 1948 жылы туған, киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері   Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Төлеутаев Ерлан – 1968 жылы туған, дәстүрлі әнші, өнертанушы   Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері   Уәлихан Шот-Аман – 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Хасанғалиев Ескендір – 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері   Шәріп Амантай – 1965 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты