Асқар Мырзахметов «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атанды

Асқар Мырзахметов «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атанды

Асқар Мырзахметов «Жамбыл облысының құрметті азаматы» атанды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов аталған өңірдің «Құрметті азаматы» атанды. Тәуелсіздік мерекесіне орай Тараз қаласында өткен салтанатты жиында «Құрметті азамат» төсбелгісін Асқар Мырзахметовке Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тапсырды. Бұрынғы әкімді өңірдің «Құрметті азаматы» атағына Жамбыл  облыстық және Меркі аудандық ардагерлер кеңесі ұсынған. Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметін 2018 жылғы 10 қаңтардан 2020 жылғы 10 ақпанға дейін атқарды. Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылғы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. 1997 жылдан 2006 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылғы сәуірден 2007 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2007 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы наурыз аралығында - «Оңтүстік» əлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылғы мамырға дейін - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылғы мамырдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2016 жылғы маусымда Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі) болды. 2018 жылғы 10 қаңтарда Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалған А.Мырзахметов 2020 жылғы 10 ақпанда атышулы «Қордай оқиғасынан» кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен атқарып отырған қызметінен босатылды.