COVID-19: Мемлекеттердің көшбасшылары арасында алғашқы өлім тіркелді

COVID-19: Мемлекеттердің көшбасшылары арасында алғашқы өлім тіркелді

COVID-19: Мемлекеттердің көшбасшылары арасында алғашқы өлім тіркелді
ашық дереккөзі
Әлемде мемлекеттердің көшбасшылары арасында коронавирустан көз жұмудың алғашқы дерегі тіркелді. CОVID-19 індетінен Африкадағы Эсватини корольдігінің премьер-министрі Мандвуло Амброуз Дламини қайтыс болды, деп хабарлайды Daily Mail.  52 жастағы саясаткердің коронавирус жұқтырғаны қараша айының ортасында белгілі болған еді. Бірақ бастапқыда премьер-министр аурудың белгілері байқалмайтынын және өзін жақсы сезінетінін айтқан. Желтоқсан айының басында Дламинидің жағдайы күрт нашарлап, оны көрші Оңтүстік Африкадағы ауруханаға жеткізуге тура келді. Арада екі апта өткен соң ол көз жұмды. Эсватини патшасы Мсвати III саясаткердің қайтыс болуына орай оның жақындарына және бүкіл ел тұрғындарына көңіл айтты. Дламини 1968 жылы Эсватинидің орталық бөлігіндегі Мбекельвени ауылында дүниеге келген. Ұзақ уақыт банк жүйесінде жұмыс істеген, 2018 жылдың қазан айынан бастап елдің премьер-министрі қызметін атқарды.