Әлия Назарбаева елімізде тұңғыш инновациялық мектептің қашан ашылатынын айтты
Елордада Alem Eco School тұңғыш инновациялық мектебінің құрылысы басталды. Бұл туралы Әлия Назарбаева өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Жаңа білім беру кешенінің экология, мәдениет және өнер салалары бойынша жеке авторлық бағдарламасы болады.
[caption id="attachment_131178" align="alignnone" width="960"]
Alem Eco School мектебінің макеті[/caption]
«Alem Eco School мектебінің ашылуы 2022 жылғы қыркүйек айына жоспарланған. Келесі жолғы посттарымда мен жаңа мектеп жайлы және оның авторлық бағдарламасының өзгешелігі туралы баяндайтын боламын» деп жазды Ә.Назарбаева.