"Жануар деп ойлаған": Аңға шыққан азамат досын атып өлтірді

"Жануар деп ойлаған": Аңға шыққан азамат досын атып өлтірді

"Жануар деп ойлаған": Аңға шыққан азамат досын атып өлтірді
ашық дереккөзі
Ресейдің Калининград облысы бойынша Тергеу басқармасының тергеушілері Озерск ауданы тұрғынының аң аулау кезіндегі өлімінің мән-жайын анықтауға кірісті. Алдын ала ақпарат бойынша оны досы байқаусызда атып өлтірген.   Бұл туралы Тергеу басқармасы басшысының көмекшісі Наталья Гацко мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. "Алдын ала мәліметтер бойынша, аң аулау кезінде Озерск ауданы Жучково ауылының маңында 37 жастағы аңшы қозғалып бара жатқан нысанға оқ атқан. Орманда кетіп бара жатқан жануарды көздеп тұрмын деп ойлаған. Жақындаған кезде аңшы өз досын жаралағанын көрді. Көп ұзамай жараланған ер адам көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде", - дейді Гацко. Ол қазіргі уақытта тергеушілер барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтап жатқанын атап өтті. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 1-бабының 109-бөлігі бойынша шешіледі (абайсызда өлім), оның ең жоғарғы жазасы – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру. 37 жастағы ер адамның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.