Дәрі жеткізушілерге қатаң шара қолданылады

Дәрі жеткізушілерге қатаң шара қолданылады

Дәрі жеткізушілерге қатаң шара қолданылады
ашық дереккөзі
Бірыңғай дистрибьюторлар жосықсыз дәрі жеткізушілерге қатаң шара қолданады. Бұл туралы жұмыс сапарымен Таразға келген «СК-Фармация» ЖШС төрағасы Нұржан Әлімбаев хабарлады. «Шарттық міндеттемені дұрыс орындамаған, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды  жеткізуді кешіктіретін 16 жеткізушіге қатысты   «СК-Фармация» ЖШС сотқа оларды жосықсыз жеткізуші деп тану туралы талапарыз берді. 2016 жылдан бастап бірыңғай дистрибьюторлар жеткізушілерге қатаң шара қолданады», - деді ол. Қазіргі сәтте сот екі жеткізушіні жосықсыз деп таныды. Еске салсақ, Қазақстанда бірыңғай дистрибьютор жүйесі 2009 жылы құрылған. Олар ТМККК аясында халықты дәрімен қамтамасыз етеді, фармацевтикалық салада орнықтылық пен бәсекеге қабілеттілікті арттырады, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру арқылы фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытады. «СК-Фармация» қызметінің арқасында дәріні жүйелі сатып алу енгізілді. Бұл бюджет қаражатын елеулі үнемдеуге алып келді. «СК-Фармация» иелену құқығы мен жүз пайыздық қатысу үлесі ҚР Денсаулық министрлігіне берілді.