Мерекеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда автобустар жүре ме?
Мерекеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда автобустар жүре ме?
Мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктің жұмысы туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мереке күндері, дәлірек айтсақ, 16 мен 19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанның қоғамдық көліктері әдеттегідей жұмыс істейтін болады. Айта кету керек, мерекеге орай жұма, 18 желтоқсан жұмыс күні 20 желтоқсанға ауыстырылды. Сондықтан жексенбіде автобустар жұмыс кестесімен сағат 06: 00-ден 23: 00-ге дейін бұрынғы режим бойынша жұмысын жалғастырады, – делінген хабарламада.
Қоғамдық көліктерде бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы – банктік аударым, көлік картасы, SMS, QR код арқылы төленеді.
Сондай-ақ Алматы әкімдігі де жұмыс өзгеріссіз жалғасатынын атап өтті.