Диетолог "Оливье" салатының үш зиянды қасиетін атады

Диетолог "Оливье" салатының үш зиянды қасиетін атады

Диетолог "Оливье" салатының үш зиянды қасиетін атады
ашық дереккөзі
Диетолог, гастроэнтеролог Марина Хорол жаңажылдық ас мәзіріндегі негізгі тағамдардың бірі — "Оливье" салатының үш зиянды қасиетін атады, деп жазады Life.ru Бұл салаттың бірінші зиянды қасиеті — ұйқы безіне жүктеме беретін ингредиенттердің көп мөлшері. Екіншісі — бұл майлы және жоғары калориялы майонез және қаймақ, олар ұйқы безі мен өт қабына да әсер етеді. Үшіншісі —салатта микроорганизмдердің тез көбеюі. "Оливье" түні бойы үстелде тұрса немесе тоңазытқышта бірнеше күн сақталса да денсаулыққа қауіпті болады. — Бұл әртүрлі улануларға әкелуі мүмкін. Қаңтардың алғашқы күндерінде, әдетте, астан улану деректері көбейетіні белгілі. Көптеген адамдар ауруханаларға жүгінеді, өйткені емханалар жабық. Улану, ұйқы безінің ауруларына шағымданушылар қатары артады, —дейді Марина Хорол. Диетолог салатты көп мөлшерде жасамауға және ұзақ уақыт сақтамау керегін ескертті. Күн сайын аз мөлшерден дайындаған жөн дейді ол. Дәрігер зиянды майонезді йогуртпен алмастыруды ұсынады. Айтуынша, йогурт салаттың дәмін өзгертпейді, есесіне тағамның майлылығы төмендеп, ас қорыту жүйесіне салмақ түсірмейді.