Жаңалықтар

Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

ашық дереккөзі

Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Президент Жарлығымен Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды Ақорда. «Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы», делінген Жарлықта.