Жаңажылдық кештерде төбе көрсететін шенеуніктер жұмыстан қуылады

Жаңажылдық кештерде төбе көрсететін шенеуніктер жұмыстан қуылады

Жаңажылдық кештерде төбе көрсететін шенеуніктер жұмыстан қуылады
ашық дереккөзі
COVID-19 пандемиясы кезінде жаңажылдық кештерге қатысатын шенеуніктер жұмыстан қуылады. Ресейдің Новосибирск облысының губернаторы Андрей Травников қоластындағыларға осындай ескерту жасады, деп хабарлайды РИА Новости Травников шенеуніктерге барлық сақтық шараларын орындауға мүдделі екенін көрсету маңызды екенін атап өтті. Тәртіп бұзушылар рейдтер арқылы ізделеді, деп қосты губернатор. Ол сонымен қатар жауапты органдар мен шенеуніктерді жаңажылдық кештерді жасырын өткізуді жоспарлап отырған ойын-сауық орталықтары және тамақтану орындары туралы ақпарат жинауға шақырды. Екі апта бұрын губернатор эпидемиологиялық шаралардың сақталуын елемей, бұқаралық іс-шараға қатысқан шенеуніктерді сыйақыдан айыруды тапсырған. Сондай-ақ, Андрей Травников жергілікті шенеуніктерге қойылған сұрақтарға тікелей жауаптар берудің орнына жергілікті тұрғындарды заңдағы дәйексөздермен алдаусыратуға тыйым салды.