Видеоойыннан 280 млн теңге табыс тапқан оқушы анасына алғыс айтты

Видеоойыннан 280 млн теңге табыс тапқан оқушы анасына алғыс айтты

Видеоойыннан 280 млн теңге табыс тапқан оқушы анасына алғыс айтты
ашық дереккөзі
Ұлыбританияның Санбери-он-Темз қаласының тұрғыны ұлына киберспортшы болуға және видеоойындардан 500 мың фунт табуға көмектесті, деп хабарлайды Daily Mail. 16 жастағы Бенджи Фиш (Benjy Fish) 15 жасында тізе жарақатына байланысты спорттық амбицияларынан бас тартуға мәжбүр болып, уақытының көп бқлігін видеоойындарға арнай бастайды. Бүгінле ол әлемдегі ең үздік Fortnite ойыншыларының бірі. Бозбала 500 мың фунттан (280 млн теңге) астам ақша тапқан. Бұл жетістігін ол анасының арқасы деп атап, көрсеткен қолдауы мен артқан сенімі үшін оған алғыс айтты. Ойыншының анасы Анна (Anne) ұлы кейде үйде күніне 12 сағаттан жаттығатынын айтты. Жасөспірімнің жеке оқытушысы бар және ол спорттық форманы сақтау үшін спортзалға барады. Екі бала тәрбиелеп отырған Анна —  жас ойыншыларды киберспортқа баулитын жаттықтырушы. "Менің ойымша, біз ойыншыларға көбіне үйде оқитын жас актерлер ретінде қарауымыз керек", - дейді ол. Аннаның пікірінше, киберспорт жасөспірімдерге мансап құруға көп мүмкіндіктер ашады. "Футбол сияқты бұл спортта да ойыншылардың аз ғана пайызы кәсіпқой болады. Менеджментпен айналысуға, трансляция ұйымдастыруға немесе жаттықтырушы болуға болады", — дейді Фиштің анасы.