Қасқыр талаған әйелге вакцина салынды – Денсаулық сақтау басқармасы

Қасқыр талаған әйелге вакцина салынды – Денсаулық сақтау басқармасы

Қасқыр талаған әйелге вакцина салынды – Денсаулық сақтау басқармасы
ашық дереккөзі
Қасқыр талаған 29 жастағы келіншек Жангелдин аудандық орталықтандырылған ауруханасына жатқызылды, деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева. «Қазір ол аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауында. Жағдайы бірқалыпты. Хирургтың тексеруінен өтті, хирургиялық көмек қажет етпейді. Қасқыр қарын тұсынан тістеген. Емделушіге антирабикалық вакцина салынды. Вакцина жануарлардың тістеуі­нен зардап шеккен тұл­ғаларға құтыруға қарсы пайдаланылады», дейді Ксения Жилкибаева. Келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де қасқыр шабуыл жасағаны белгілі болды. Ер адам ат үстінде болған.