Жаңалықтар

ADAL партиясы талдықорғандықтарды толғандырған түйткілдерді тыңдады

ашық дереккөзі

ADAL партиясы талдықорғандықтарды толғандырған түйткілдерді тыңдады

2020 жылдың 11 желтоқсанында Талдықорған қаласында  ADAL  партиясының үгіт-насихат кезеңі аясында алғашқы баспасөз конференциясы және жергілікті тұрғындармен алғашқы кездесуі өтті. Онда ADAL партиясынан  Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сөз сөйледі. Спикерлер: Ардақ Назаров  – белгілі спортшы, қоғам қайраткері; Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам қайраткері; Мақсат Толықбай –   белгілі тележурналист, «Ашық алаң» тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы; Лаззат Шыңғысбаева  – «Менің Атамекенім» әлеуметтік қорының төрайымы, қоғам қайраткері; Алмасбек Садырбаев  – «Шопан Ата» Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық Ассоциациясының төрағасы. Баспасөз конференциясында депутаттыққа кандидаттар журналистерді партияның бағдарламасымен, үгіт-насихат кезеңіндегі бастамалары мен жоспарларымен таныстырды. Конференция барысында Мақсат Толықбай  ADAL партиясының цифрлық порталы туралы айтып берді. Ол сайттың көмегімен сайлаушылар партияға кіріп қана қоймай, өз аймағындағы мәселелері туралы да айта алатынын еске салды. Сондай-ақ депутаттыққа кандидат әрбір пайдаланушы сайтқа кіріп, партия жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы біліп, елдің дамуына өз үлесін қоса алатынын айтты.