Алматылықтарды 400 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдікті ұсталды

Алматылықтарды 400 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдікті ұсталды

Алматылықтарды 400 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Фото:polisia.kz 2014 жылдан бері Алматы тұрғындарын алдап көп мөлшерде ақша алған Шығыс Қазақстан облысының тумасы 43 жастағы  адам ұсталған. Бұл жөнінде zakon.kz. жазды.  – «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алуға, сондай-ақ жер учаскелері мен кепілге қойылған көлік құралдарын электронды аукциондардан алуға көмектесемін деген сылтаумен бірқатар адамдарды  алдап,  сеніміне кіріп,  олардың мол мөлшерде қаражатын иеленген. Өз құрбандарын 400 миллион теңгеден астам материалдық шығынға ұшыратқан, – делінген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында. – Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда. Біз осы азаматтың заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендерді мына мекен-жайға жүгінуге шақырамыз: Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 55, ОРППОП СП ДП ішкі істер басқармасы аға тергеушісі И.Г.Литвиненкоға. Телефон: 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56, –  ​​деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.