Биікке құштар ҚХП мүшелері ерекше форматтағы үгіт-насихат жүргізді

Биікке құштар ҚХП мүшелері ерекше форматтағы үгіт-насихат жүргізді

Биікке құштар ҚХП мүшелері ерекше форматтағы үгіт-насихат жүргізді
ашық дереккөзі
13 желтоқсанында Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалы мен «Киров» әскери–патриоттық клубының өкілдері ерекше форматтағы үгіт–насихат  жүргізді. Белсенділер тобы Фурманов шыңына (биіктігі шамамен 3000 метр) көтеріліп, шың басына ҚХП символикасы бейнеленген үгіт-насихат баннерін орналастырды. Іс-шара Қазақстан Халық партиясының сайлауалды науқаны аясында ұйымдастырылды. ҚХП Алматы қалалық филиалының басшысы Әлібек Шапенов атап өткендей, үгіт-насихаттың мұндай форматы бекер таңдалмады. – Сырттан қарағанда, мұндай әрекет ерекше көрінуі мүмкін. Бірақ біз үшін тау шыңдарын бағындыру дәстүрге айналған дүние. Біздің партия да шыңдар мен биіктерді бағындырып келеді. Біз мұны одан әрі жалғастыруға ниеттіміз, – деді ол. ҚХП мен «Киров» клубы мұндай бірлескен шараны бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырған болатын. Бұған дейін олар «Турист» шыңын (3954 метр) бағындырған еді. Ол кездегі шара партияның 16 жылдығына арналған болатын. Осы жылдың тамыз айында бір топ партия белсенділері Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының 100 жылдығына орай «Пионер» шыңына (4031 метр) көтерілді. Бұл жолы Фурманов шыңын бағындыру қолға алынды. – ҚХП үшін алдағы Парламент сайлауы кезекті шың болмақ. Оны да бағындыруға ниеттіміз, – деді Әлібек Шапенов. Температураның төмендігі мен тау жолдарының қаттылығы таңдалған маршруттың күрделі болатынын бірден байқатты. Десе де, діттеген мақсатқа жетпей тыңбайтын табанды альпинистер шыңды ойдағыдай бағындырды.  width= ҚХП Алматы қалалық филиалы Жастар қанатының жетекшісі Тұрсынғали Әліптің айтуынша, бұл жолғы үгіт-насихат шарасы романтикалық әрі патриоттық сарында өрбіді. – Алматы – таулы шаһар. Қалалықтар салауатты өмір салтын, демалыстың осындай түрлерін жақсы көреді. Біз де осы үдеден шығуға тырысамыз, – дейді ол. Тұрсынғали Әліптің пікірінше, әрдайым биікте болу – ҚХП-ның саяси кредосы. – Біз шыңдарды бағындырып, тек алға ұмтыламыз. Осы жолдағы мүдделес жандарға құшағымыз ашық, – деді ол.