Жаңалықтар

Моңғолиядағы қандасымыз қала әкімі қызметіне тағайындалды

ашық дереккөзі

Моңғолиядағы қандасымыз қала әкімі қызметіне тағайындалды

Баян-Өлгий аймағы әкімінің өкімі бойынша және аймақ мәслихатының алғашқы сессиясының келісімімен Есболат Дәуітұлы Өлгий қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Есболат Дәуітұлы 1986 жылы Баян-Өлгий аймағының Цагааннуур (Ақкөл) қалашығында дүниеге келген. 2007 жылы Ғылым технология университетін Мұнай газ инженері мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Ғылым технология университетінен Техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын 2007-2008 жылдары Шунхлай  трейдинг компаниясында менежер, 2008-2009 жылдары НИК-Петровис компаниясында Жанармай құю бекетінде жетекші, 2009-2015 жылдары Цагааннуур қалашығындағы Мемлекеттік жанармай қорында менежер, инженер, 2015 жылдан Цагааннуур қалашығының әкімі қызметін атқарып келген.