Жәнібек Әлімханұлы: Бокс жанкүйерлеріне жаңа чемпион керек

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жапондық былғары қолғап шебері Риота Муратаны жұдырықтасуға шақырды.

Шаршы алаңға «Qazaq style» деген лақап атпен шығып жүрген боксшы Твиттер желісіндегі жеке парақшасында Top Rank президенті Боб Арумға жапондық боксшымен кездесу ұйымдастырып беруін сұрады.

«Қанеки, осы кездесуді ұйымдастырайық. Мен оны бесінші раундта сұлатып тастаймын. Top Rank бұл жекпе-жекті оңай ұйымдастыра алады, ал маған бұл жекпе-жекте жеңіске жету оңайға түседі! Бокс жанкүйерлеріне жаңа чемпион керек», — деп жазды Жәнібек өз хабарламасында.

1212

Естеріңізге сала кетейік, Мурата (16-2, 13 KO) екі жыл бұрын Токио қаласында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасуы керек болатын. Алайда екі тарап ортақ мәмілеге келе алмағандықтан, аталған кездесу өткізілмеді.

Back to top button