«Ақ жол» партиясы заңнама нормаларын түсіндірді
«Ақ жол» партиясы заңнама нормаларын түсіндірді
«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы филиалдар, сенім білдірген адамдар мен бақылаушыларға арналған онлайн шара өткізді. Шара барысында партияның заң қызметінің директоры Рүстем Жұмаділов қолданыстағы заңнама нормалары туралы айтып берді.
Шараға қатысушылар сенім білдірген тұлғаларды, бақылаушыларды тіркеу тәртібі туралы, оларға қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат алды. Сенім білдірген тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және сайлау комиссиясының мүшесі немесе саяси мемлекеттік қызметші бола алмайды.
Штаб заңгерлері сенімді тұлғалардың бақылаушылар сияқты құқықтары мен міндеттері бар екенін еске салды.
Республикалық сайлауалды штабтың заңгерлері өңірлердегі партия мүшелерін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.