Жаңалықтар

Пара алған полиция қызметкері 3,6 миллион теңге айыппұл төлейді

ашық дереккөзі

Пара алған полиция қызметкері 3,6 миллион теңге айыппұл төлейді

Қостанай облысының №2 сотында жол-патрульдік полиция батальоны полицейіне қатысты қылмыстық іс бойынша шығарылған үкім жарияланды. Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, шілде айында 25 жастағы полиция қызметкері автокөлікті мас күйінде жүргізу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы протокол толтырмай, медициналық куәландыру жүргізбегені үшін 60 мың теңге көлемінде пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі полиция қызметкерін пара алу үстінде ұстады. Айыпкер ҚР ҚК 366 бабы, 2 бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қылмыскерге 3 миллион 600 мың теңге айыппұл және мүлкін тәркілеу, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айыру түрінде жаза тағайындалды.