Жаңалықтар

Маңғышлақ - Ақтөбе пойызында вагон өртенді

ашық дереккөзі

Маңғышлақ - Ақтөбе пойызында вагон өртенді

Маңғышлақ-Ақтөбе пойызында жүк вагоны өртеніп, 5 адам зардап шекті. Пойыздағы өрт туралы Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 14 желтоқсанда болған. Өрт туралы хабарлама 04:30-да келген. "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданы аумағында орналасқан № 464 разъезд ауданында № 109 Маңғышлақ - Ақтөбе жолаушылар пойызының жүру жолында жүк вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті", - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Сағат 07:19-да өрт сөндірілді, жүк вагоны толығымен жанып кеткен.