Жаңалықтар

Айыппұл тұрақтарында 8,5 мың көлік тұр

ашық дереккөзі

Айыппұл тұрақтарында 8,5 мың көлік тұр

Қазақстан бойынша автокөліктердің 80 айып тұрақтары жұмыс істейді. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады. «Республика аумағында ұсталған көлік құралдарын уақытша сақтаудың 80 арнайы тұрағы жұмыс істейді. Осы ретте Астана қаласында - 2, Алматы қаласында - 6, Ақмола облысында - 8, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 9, Атырау облысында - 2, ШҚО - 4, Жамбыл облысында - 12, БҚО - 2, сондай-ақ Қарағанды облысында  - 4, Қостанай облысында- 1, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 4, СҚО - 1 және  ОҚО-да  - 13 айып тұрақтары бар»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ұсталған көлік құралын сақтау жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылған және коммуналдық меншік болып табылатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады. «Бүгінгі күні уақытша сақтаудың арнайы тұрақтарында әртүрлі негіздер бойынша ұсталған 8,5 мыңнан астам автокөлік бар»,-дейді комитет өкілдері.