Үкімет басшысы коммуналдық төлемдерден босатты
Үкімет басшысы коммуналдық төлемдерден босатты
Бүгін Моңғолия Үкіметі кезектен тыс отырыс өткізді. Алқалы жиында Моңғолия Премьер-Министрі Ухнаагийн Хурэлсух қазіргі пандемия жағдайына байланысты бірқатар шешім қабылдады. Атап айтқанда 2021 жылы шілде айына дейін тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік бірліктерді және су, электр, қоқыс, жылу төлемдерінен босатты. Сонымен қатар, көмір бағасын 75 пайызға арзандатты.
Сондай-ақ, Моңғолияда коронавирусты таратпау үшін төтенше жағдай жарияланып, карантин тәртібі күшейтілді.