Жаңалықтар

"Тарихты оқы!": Желідегі жұрт ресейлік депутатқа Қазақстанның қандай ел екенін түсіндірді

ашық дереккөзі

"Тарихты оқы!": Желідегі жұрт ресейлік депутатқа Қазақстанның қандай ел екенін түсіндірді

Қазақстандықтар Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың арандатушылық сипаттағы мәлімдемесінен кейін оның Instagram-дағы парақшасында жүздеген пікір қалдырды.  Қазақстан тұрғындары ресейлік депутатты тарихты оқуға шақырды. "Қазақстан сияқты ұлы мемлекет туралы айтпас бұрын тарихты білу керек. Осындай сауатсыз адамдар елдер арасындағы қарым-қатынасты бұзады", "Не айтқың келсе де, әуелі ойлану қажет. Біздің мемлекет туралы айтқаныңыз ақылға қонбайды және елімізде наразылық тудыруда. Телеарнада ойнақтаған екенсіз" деп жазған желі қолданушылары.