Жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын ең тиімді диетаны атады

ашық дереккөзі

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын ең тиімді диетаны атады

Ғалымдар кетогендік диета COVID-19 ауруын жұқтыру қаупін азайтады және індет жұқтырған жағдайда оның ауыр түрінен қорғайды деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Times Of India. Сарапшылардың айтуынша, диетадағы көмірсулардың аз мөлшері ағзадағы май мен  холестериннің мөлшерін азайтады, сонымен қатар қандағы қантты тұрақтандырады. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, мұндай диета плазмадағы кетон денелерінің деңгейін жоғарылатады. Олар өз кезегінде қабыну процестерінің алдын алады. Ғалымдар сонымен қатар кетогендік диета Т-лимфоциттерінің рецепторларын алып жүретін және иммуномодуляциялық және қабынуға қарсы белсенділігі бар жасушалардың таралуына ықпал ететінін атап өтті. "Мұндай диета бейімделгіш иммундық жасушалардың жұмысын жақсартады және COVID-19-ды жұқтыру қаупін азайтады", - делінген зерттеуде.