«Nur Otan» маңғыстаулықтардың талап-тілектерін тыңдады

«Есіктен-есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының басшысы Елубай Әбілов бүгін Ақтау қаласының «Шығыс 2» шағынауданында болды. Штаб басшысы Е.Әбілов «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

«Шығыс 2» шағынауданының тұрғындары да нұротандықтарды жылы лебізбен қабылдап, шағынаудан бойынша бүгінге дейін жасалған жұмыстарға алғысын жеткізді. Аталмыш шағынаудан тұрғыны өзін Серік Жаңбырбаев деп таныстырған мұнайшы азамат партия құрамында 2014 жылдан бастап мүше екенін жеткізіп, үйме-үй кіріп насихат жұмыстарын жүргізіліп жатқанына ризашылығын білдірді. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.

«Nut Otan»

Штаб басшысы Елубай Жақайұлы да биылғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жанды форматта ашық диалог негізінде жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

11 желтоқсаннан басталған үгіт-насихат жұмыстарына «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері де өте белсенді қызмет атқаруда. Өңір бойынша 693 ерікті жас бар.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді
Back to top button