«Ақ жол» партиясы «Атырау Жарық» ұжымымен кездесті

12 желтоқсан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Ақ жол» партиясы «Атырау Жарық» ұжымымен кездесті Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-наисхат тобы «Атырау Жарық» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері, Атырау жылу электр орталығы жұмысшы қызметкерлері қатысты. Жиында Атырау облыстық филиалының төрағасы Е.Юсупов, ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер С.Ерубаев, филиалдың саяси жетекшісі Әбілхан Төлеуішов жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Мұнан соң жылу-электр орталығының күрделі құрылыс бөлімінің жұмысшысы Николай Осипов, инженер Саламат Тілуғалиев өз ұсыныстарын білдірді. Кездесуге келген қатысушылар сайлауалды бағдарламаны бірауыздан қолдап, сайлауда «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.