«Ауыл» партиясы шаруалармен кездесті

«Ауыл» партиясы шаруалармен кездесті

«Ауыл» партиясы шаруалармен кездесті
ашық дереккөзі
Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Рабиға Тоқсейітова Үштөбе ауылында орналасқан «Жәке» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті. Рабиға Тоқсейітова «Жәке» қызметкерлерімен агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәселелерді талқыға салды. Бұл мекеменің бордақылау кешені экологиялық таза ет өндіруге мүдделі екенін және өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауды әрдайым қолдайтынын атап өтті. Рабиға Тоқсейітова облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Анар Тұрмахамбетовамен бірге өңірдің көпбалалы аналарымен де кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.