Жаңалықтар

375 мың АҚШ доллары: Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

ашық дереккөзі

375 мың АҚШ доллары: Оңтүстік Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Оңтүстік Корея Қазақстанға құны 375 мың доллар болатын гуманитарлық көмек жіберді, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Корея Республикасының үкіметі жіберген гуманитарлық көмекті Қазақстанға беру рәсіміне қатысты. Іс-шараға Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сок мырза және ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвиль қатысты. «Корея Республикасының үкіметі Қазақстанға COVID-19 жұқтырған науқастарға 72 оттегі концентраторы, 50 монитор және 111 000 дана FFP2 стандартты респираторлық қорғаныс маска жіберген. Гуманитарлық көмектің құны – 375 мың АҚШ доллары», – делінген хабарламада. Вице-министр – мемлекеттік бас санитар дәрігері корей сарапшыларына COVID-19-ға қарсы күресте гуманитарлық және консультациялық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.