«Сұлулық осындай болады екен». Сабина Алтынбекова 2021 жылғы күнтізбеге жаңа образда шығады
Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2021 жылғы күнтізбе үшін фотосессия жасап, жаңа образда шығатынын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Спортшы ару әлеуметтік желідегі өз оқырмандарына жаңа жылдың күнтізбесіне маусым бейнесінде шығатынын хабарлады.
«2021 жылғы күнтізбе барлық аруларға қуаныш сыйлайды. Мен – маусым бейнесіндемін» деп жазды Сабина Алтынбекова.
Әлеуметтік желіде танымал спортшының сұлулығына тәнті болған жанкүйерлер «Сұлулық осындай болады екен» десіп жатыр.