Сайлауалды штабы жұмыс барысымен таныстырды

Сайлауалды штабы жұмыс барысымен таныстырды

Сайлауалды штабы жұмыс барысымен таныстырды
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кеңсесінде сайлауалды штабы жұмысының басталғаны туралы ресми мәлімдеме жасалды. - Баршаңызға аян, 10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Аудандық филиал бұл науқанға толығымен дайын. Барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенді топтар мен сенімді өкілдер арнайы дайындықтан өтті. Аймақтық сайлау комиссиясында 22 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның 19-ы праймериз жеңімпазы болса, 3 –уі партия филиалының квотасы бойынша ұсынылды. Партия басшылығының тапсырмасымен аймақтық сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 29 адам кірді. Бұлар аудан жұртшылығына сыйлы, ортасында бедел мен құрметке ие адамдар. Нақтылап айтсақ, олардың арасында мәдениет, білім, азаматтық сектор мен бизнес өкілдері бар. Жиырма екісі мәслихат депутаттығына үміткер. Штаб мүшелерінің жетеуі сайлау науқандарын өткізуге белсене араласқан, үлкен тәжірибеге ие. Біз Республикалық сайлауалды штабпен келісіммен желілік кестені қабылдап, бекіттік. Штаб мүшелерінің және үміткерлердің қатысуымен 83 іс-шара, 25 көшпелі іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы іс-шаралар 9685 адамды қамту көзделуде. Жоспарланған шараның 26-сы тікелей, 22-сі онлайн форматта өтпекші. Барлық жағдайда да эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайтын боламыз. Сонымен қатар, штаб жанынан Жастар қанаты құрылды. Өңіріміздің жастары арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді ұйымдастыруға «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған белсенділері іріктеліп алынды, -дейді «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Мейрамбек Аққалиев.
Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы. "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.