Жаңалықтар

Алматыда жаңажылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады ‒ әкімдік жауап берді

ашық дереккөзі

Алматыда жаңажылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады ‒ әкімдік жауап берді

Алматы әкімдігінің өкілдері жаңажылдық шырша мен қаланы безендіруге ақша бөлінбегенін мәлім етті. Қалалық әкімідіктің мәліметінше, биыл негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциясымен күресуге бағытталды. Жаңажылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді. Былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады. «Биыл Алматы қаласының әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекеге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелері 25 іс-шара ұйымдастырды. Оның көпшілігі онлайн форматта өтеді. Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңажылдық отшашу да қарастырылмаған», - деді әкімдіктегілер.