Ақтөбе облысында әкім өртеніп жатқан үйден 5 баланы құтқарып алған

Ақтөбе облысында әкім өртеніп жатқан үйден 5 баланы құтқарып алған

Ақтөбе облысында әкім өртеніп жатқан үйден 5 баланы құтқарып алған
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылында үй өртеніп, ауыл әкімі мен тұрғындар 5 баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылында үй өртеніп, аумағы 200 шаршы метр баспана жанып кеткен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше ауыл әкімі Смағұлов Нұрдәулет батылдық танытып, 5 баланы үйден аман алып шықты. Олардың барлығы тексеру үшін медицина мамандарына тапсырылды», - деді ТЖД-дан.