2021 жылы Ресей Байқоңыр үшін Қазақстанға қанша төлейді?
2021 жылы Ресей Байқоңыр үшін Қазақстанға қанша төлейді?
2021 жылы Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен әскери полигон үшін Қазақстанға қанша төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды kaztag агенттігі.
"2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешені үшін Т48 300 000 мың теңге сомасында және әскери полигондар үшін Т8 416 380 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін", - делінген "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚазТАГ Қазақстанның 2021 жылға арналған бекітілген республикалық бюджетінің толық параметрлерін жариялаған болатын.