Жыл адамы анықталды
Жыл адамы анықталды
Time журналының нұсқасы бойынша Жыл адамы-2020 анықталды. Олар ‒АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті және вице-президенті Джо Байден мен Камала Харрис.
"Жыл адамын таңдау оңай бола бермейді, ал биылғы жылы бұрынғыға қарағанда тіпті қиын болды. Тарихшылар 2020 жылға көп майдандағы шешуші бетбұрыс ретінде қарайды деп сеніммен айтуға болады. Джо Байден мен Камала Харрисқа келсек, бұл екі азаматтың таңдауы осы жылдың негізгі оқиғаларын көрсетеді және олардың тағдырлары ұлттың әлемдегі рөлін және америкалық тәжірибенің болашағын айқындамақ", - деп түсіндірді журналдың бас редакторы Эдвард Фельсентал.
"Жыл адамы" атағына үміткерлер тізімінде тек төрт үміткер болды: Джо Байден, АҚШ президенті Дональд Трамп, АҚШ-тың бас жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Энтони Фауки мен COVID-19-бен күресіп жүрген медицина қызметкерлері, сондай-ақ афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған нәсілдік әділеттілік қозғалысы.