270 млн адам аштықтан өледі

270 млн адам аштықтан өледі

270 млн адам аштықтан өледі
ашық дереккөзі
270 миллионға жуық адам аштық қауіп төндіріп тұр деп хабарлайды Reuters агенттігі БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасының (ДАБ) басшысы Дэвид Бизлиге сілтеме жасап. «Әлем бойынша 270 миллионға жуық адам аштықтың алдында тұр. Бұл Германия, Ұлыбритания, Франция мен Италияның тұрғындарының санына тең», – деді Дэвид Бизли Нобель сыйлығын алғаннан кейін. «Көптеген соғыстарға, климаттың өзгеруіне, аштықтың саяси және әскери қысым әдісі ретінде кеңінен қолданылуына және осының бәрін бірнеше рет күшейтетін ғаламдық пандемияға байланысты 270 миллион адам аштықтан өледі. Олардың қажеттілігін қамтамасыз ету алмау COVID-19 пандемиясынан бетер аштық пандемиясын тудырады. Осы 270 миллион адамның 30 миллионының өмір сүруі 100% сыртқы көмекке тәуелді болады», – деді Биасли.