Мүлікті жария етуден бюджетке 4,3 млрд теңге түсті

Мүлікті жария етуден бюджетке 4,3 млрд теңге түсті

Мүлікті жария етуден бюджетке 4,3 млрд теңге түсті
ашық дереккөзі
Қазақстандағы жария ету науқаны аясында тамыздың 22-індегі жағдай бойынша барлығы  2 483,5 млрд теңге сомасында 104 167 өтініш (декларациялар) түсіп, оның ішінде 2 219,2 млрд. теңге жария етілді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Атап айтқанда, мүліктерді жария ету жөніндегі  жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  1 030,9  млрд теңгені құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 101 122 өтініш (декларациялар) түскен. Оның ішінде 83 940 - тұрғын үй нысаны, 44 734 - тұрғын үй емес нысан, 5,8 млрд. теңгеге - бағалы қағаздар. Ал Қазақстан аумағынан тысқары жерлердегі мүлікті жария ету бойынша салық органдарына 5 млрд. теңгені  құрайтын 123 тұрғын үй нысанын жария ету бойынша  өтініш (декларация) жасалған. «Ұлттық банк есептері бойынша екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 1 484,5 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 770 жинақ шот ашылды, оның ішінде шетелден аударылған 234,1 млрд. теңге, ал шоттан шешілгені 1 472,8 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 427,5 млн. теңге көлемінде 43 декларация түсті. 2016 жылғы 22 тамыздағы жағдайға сәйкес, «Мүлікті жария ету үшін алым» бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд. теңге түсті», - делінген баспасөз баянында.