6 мыңнан астам мектепте ыстық тамақ беріледі

6 мыңнан астам мектепте ыстық тамақ беріледі

6 мыңнан астам мектепте ыстық тамақ беріледі
ашық дереккөзі
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жайында: «Бізде мектепте оқитын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар жүз пайыз қамтылған. Атап айтқанда, бұл балаларды тамақтандыру толықтай іске асырылады»,- деді.  стырылып отырғанын еске салып өтті. Сонымен қатар ол мектептерде тегін тамақтандыру бастауыш сыныптарға ұйымдастырылып отырғанын еске салып өтті. «Кейбір өңірлерде жергілікті атқару органдары өздерінің бюджетімен балаларды тегін тамақтандырып отыр», - деді вице-министр. ҚР БҒМ мәліметіне қарағанда, ыстық тамақпен 6063  мектепте 2 397 680 оқушы қамтамасыз етіліп отыр. 264 546 оқушы тегін тамақтандырылмақ.  Сонымен қатар 2 048 901 оқушы ыстық тамақпен ата-ана қаражатымен қамтылады.