Танымал мәнерлеп сырғанаушы бес жылға түрмеге қамалуы мүмкін
Танымал мәнерлеп сырғанаушы бес жылға түрмеге қамалуы мүмкін
АҚШ-тағы Флорида штатының прокуратурасы француздық мәнерлеп сырғанаушы Морган Сипреге қарсы қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алу ордерін берді, деп хабарлайды Eurosport сайты USA Today агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионы Сипре 2017 жылы Instagram желісіндегі парақшасы арқылы өзімен бірге бір мұз сарайында жаттығып жүрген 13 жасар америкалық мәнерлеп сырғанаушыға анайы сипаттағы суреттер жібергені үшін айыпталуда. Әлемдік сайыстарға Франция құрамасының атынан шығып жүрген спортшы дәл сол уақытта Флорида штатына қарасты Уэсли-Чепел қаласында Олимпиада ойындарына дайындалып жүрген болатын.