Танымал мәнерлеп сырғанаушы бес жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Танымал мәнерлеп сырғанаушы бес жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Танымал мәнерлеп сырғанаушы бес жылға түрмеге қамалуы мүмкін
ашық дереккөзі
АҚШ-тағы Флорида штатының прокуратурасы француздық мәнерлеп сырғанаушы Морган Сипреге қарсы қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алу ордерін берді, деп хабарлайды Eurosport сайты USA Today агенттігіне сілтеме жасай отырып. Мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионы Сипре 2017 жылы Instagram желісіндегі парақшасы арқылы өзімен бірге бір мұз сарайында жаттығып жүрген 13 жасар америкалық мәнерлеп сырғанаушыға анайы сипаттағы суреттер жібергені үшін айыпталуда. Әлемдік сайыстарға Франция құрамасының атынан шығып жүрген спортшы дәл сол уақытта Флорида штатына қарасты Уэсли-Чепел қаласында Олимпиада ойындарына дайындалып жүрген болатын.  width= Арнайы тексеріс жүргізген прокуратура өкілдері Сипренің бұл қылығын үшінші деңгейлі қылмыс санатына жатқызып, жергілікті сот 29 жасар спортшының бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу туралы үкім шығаруы мүмкін екенін айтады. Мәнерлеп сырғанаудың жұппен сырғанау түрімен айналысқан Сипре Ванесса Джеймс екеуі 2019 жылы Еуропа чемпионы атанған. Сонымен қатар 2018/19 жылғы маусымда Гран-при финалында жеңіске жетіп, 2018 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені иеленген. Алайда спортшы аталған оқиғаға байланысты 2020 жылғы қыркүйекте спортпен қоштасу туралы шешім қабылдаған.