«Пашинян, кет!» Арменияда шерулер толастар емес

10 желтоқсан, 2020 / Бақытбек ҚАДЫР
ашық дереккөзі
«Пашинян, кет!» Арменияда шерулер толастар емес
Ереван жұртшылығы Таулы Қарабах қақтығысында жеңіліске ұшырағаннан бері наразылық шерулерін тоқтатар емес. Бұл BBC агенттігі хабарлады. Армения премьер-министр Николь Пашинянның отставкасын талап еткен наразылық шеруі жалғасуда. Ереван мен басқа да кейбір аймақтарда көлік қозғалысы қиындаған. Шеру кезінде ұсталған  100-ге жуық адамды полиция тергеуге алған. Армения ақпарат құралдары адамдардың шеруге қатысуына кедергі жасау үшін қаладағы метро желісінің де жабылғанын жазуда. Сонымен қатар, наразылар Таулы Қарабахты Әзербайжанға беруге қарсы екенін айтады.