Жаңалықтар

Сайлау додасының маңызды бөлігі басталды

ашық дереккөзі

Сайлау додасының маңызды бөлігі басталды

«Қазақстан Халық партиясы» төрағасы Айқын Қоңыров Фейсбуктегі жеке парақшасында сайлау додасының маңызды кезеңі басталғаны туралы хабарлады. «Біздің басты мақсатымыз – қарапайым ел азаматтарының мүддесі мен құқығын қорғау. Біз әлеуметке бағдарланған Қазақстанды, заманға сай экономикалық жүйе құруды және Үкімет жұмысының ашықтығын жақтаймыз. Шенеуніктер мен мемлекеттік органдарға олардың халық үшін жұмыс істеуге тиіс екенін және олардың кімнің есебінен күн көріп отырғанын еске салатын кез келді. Біз #МемлекетМіндетті хештегімен виртуалды митингке бастамашы болдық. Бұл үшін қағаз бен маркер, әлеуметтік желідегі парақша мен белсенді азаматтық ұстаным ғана керек. Плакатқа мемлекет халық үшін не істеуі керек екенін жазыңыз. Жазу жазылған плакатпен бірге суретке түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Қазақстан Халық партиясы мемлекет білім мен денсаулық салаларын бизнеске айналдырмай, оларды барша қазақстандықтар үшін тегін әрі сапалы етуге тиіс деп санайды. Мемлекет ынтымақты зейнетақы жүйесіне көшіп, зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуге тиіс. Елдің игілігі үшін жұмыс істеген жандар зейнетке шыққан соң күн көрістің қамымен жүрмей, лайықты демалуы керек. Мемлекет банктердің есебінен халық үшін, шағын және орта бизнес үшін несие рақымшылығын жүргізуі тиіс. Бұл – Қазақстанды дағдарыстан алып шығар мәжбүрлі шара. Мемлекет салық саясатын өзгертуі керек. Байлар үшін «Салтанат» салығын енгізіп, қарапайым халықтың жүктемесін төмендетуге тиіс» – деп жазды «Қазақстан Халық партиясы» төрағасы Айқын Қоңыров.