Атырауда досын әскерге шығарып салған жігіт қамауға алынбақ (видео)
Атырауда досын әскерге шығарып салған жігіт қамауға алынбақ (видео)
Әлеуметтік желіде құрдастарының арасында бір жас жігіттің гитарасын жолаушылар пойызының вагонына ұрып сындырып, жанында тұрған егде әйелді шошытқаны түсірілген видео таралып жатыр. Бір топ ер адам әскерге кетіп бара жатқан досын осылай шығарып салған екен, деп жазады Ақжайық сайты. - «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы пойыз Сағыз станциясында тұрған кезде 17 жастағы жергілікті тұрғын қоғамдық орында айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Құқық бұзушы досын Атырау қаласының әскери комиссариатына шығарып салған кезде «эмоцияға берілгенін» түсіндірді, - деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті. Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-тармағы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. «Шығарып салушыға» 5 АЕК айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.