Жаңалықтар

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі сотталды

ашық дереккөзі

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі сотталды

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа үкім шықты. Сот шешіміне сәйкес, Қуанышбек Ысқақов жазасын түрмеде өтеуі тиіс. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Қуанышбек Ысқақовтың үкімі №2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді. Сот Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Сонымен қатар экс-әкім мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды. Айта кетейік, бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты «аса ірі көлемдегі алаяқтық» үшін кінәлі деп тануды сұрады. Қуанышбек Ысқақов осы жылдың наурыз айының соңынан бастап үйқамақта. Оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылды. Осы бап бойынша онымен бірге тағы төрт адам істі. Істің фигуранттары Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Имандосов және әкімнің басқа экс-орынбасары Марат Делмұханов.