Жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр

ашық дереккөзі

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр

Сарапшылардың зерттеуінше, елімізде бір жылда дәрі-дәрмек 9,7 пайызға дейін қымбаттаған. Антисептиктер, дене қызуын түсіретін, бүйрек ауруларына арналған және антибиотиктер қымбаттағаны белгілі болды, – деп жазды Energyprom.kz. «Антисептиктер бір жылда бірден – 33,2%, дене қызуын түсіретін дәрілер – 16,3%, бүйрек ауруларына арналған дәрілер 11,5 пайызға, ал антибиотиктер 10 пайызға дейін қымбаттаған. Ал аллергияға қарсы дәрі-дәрмектер керісінше арзандаған, бағасы бір жылда 0,4 пайызға төмендеген», – дейді сарапшылар.