Жаңа заң: Бұдан былай депутаттар шетелде есепшот аша алмайды

10 желтоқсан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Жаңа заң: Бұдан былай депутаттар шетелде есепшот аша алмайды Сенат депутаттары қылмыстық процесте азаматтар құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, судьялар мен құқық қорғаушылардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі күшейтіліп отыр. "Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынады. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады", - деді Әшімбаев сенаттың бүгінгі отырысында. Бұдан бөлек, қылмыстық жауапқа тартылған азаматтардың құқығын қорғау мақсатында тиісті органдардың негізгі шешімдерін прокурормен келісу және бекіту міндеті енгізіледі. "Енді, осы басымдықтарды қылмысты тергеу және сот ісін жүргізу кезінде дұрыс қолдану қажет", - деп атап көрсетті Әшімбаев. Заңның негізгі өзгерістері  Сонымен қатар, заң жобасында тергеу судьясының қаулыларына шағымдануға және қайта қарауға арналған негіздерді кеңейту ұсынылады.