Жаңалықтар

Парламент сайлауы: Ең жас және ең егде үміткердің жасы нешеде?

ашық дереккөзі

Парламент сайлауы: Ең жас және ең егде үміткердің жасы нешеде?

Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен тіркелген саяси партиялар Мәжіліс депутаттарының 2021 жылғы 10 қаңтарында өтетін кезекті сайлауына қатысуға жіберілді. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы тіркеген партиялық тізімге «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Нұр Отан» партиясы, «Адал» партиясы, «Ақ жол» мен «Қазақстан халық партиясы» енген. Осы партиялар өз қатарынан 312 үміткерді Мәжіліс депутаттығына ұсынған. Оның ішінде Ауыл – 19, Нұр Отан – 126, Адал – 16, Ақ жол – 38, Қазақстан халық партиясы 113 адамды ұсынып отыр. «Партиялық тізімге 222 ер, 90 әйел енгізілді. Орташа жас – 46,7 жас. 29 жасқа толмаған 19 адам бар. Ең жасы 1995 жылы туған, ең үлкені 1950 жылғы азамат. Тізімге енгендердің ішінде 12 ұлт өкілі бар. Олардың ішінде 79,8 пайызы қазақ, 13,8 пайызы орыс, 6,4 пайызы басқа ұлттың өкілдері. Партиялық тізімдерге Парламент Мәжілісі VІ шақырылымының 34 депутаты енгізілді», - деді бүгінгі жиында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.